Қоғам

Астанадағы құрылыс алаңында 4 альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Оқиға 12 қазан күні түс ауа салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлап кетті.

Оқиға 12 қазан күні түс ауа салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Берілген ақпаратқа сәйкес, адамдар биіктікте жұмыс істеп жатқан кезде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Олардың арасында 1999 жылы туған үш альпинист және 2002 жылы туған тағы біреуі бар. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Астана қаласы Полиция департаменті бұл жағдайды растады.