Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

13 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев жемқорлық фактісі бойынша әшкереленді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Сәкен Шәкеев Мәдениет басқармасы