Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың мұнай компаниясы мемлекет меншігіне берілді

Ашық дереккөз

Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.

«Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады», – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.

Phystech II - кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.