Қоғам

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: astana.kz

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. 13 қазанда тәулік бойы жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Алматыда 13 қазанда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде оңтустік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік жартысында тұман түседі.