Жаңалықтар

Қазақстан тарихы қытай тіліне аударылып жатыр

ашық дереккөз

Қытай Қазақстан тарихының 5 томдығын аударуға қолға алды.

Қытай жазушылары мен тарихшылары Қазақстан тарихын қытай тіліне аудара бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы қытайтанушы-ғалым, ақын, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда айтылды.

Qazaqstan.tv мәліметінше, жиынға Иран, Түркия, Қырғыстан, Қытай мен Өзбекстан едерінің ғалымдары, шығыстанушылары мен саясаттанушылары қатысты. Олар Қазақстан мен Шығыс елдерінің арасындағы мәдени, саяси байланыстарды талқыланды. Іс-шара барысында Дүкен Мәсімханұлының «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары» 5 томдығының және «Ұлт пен Рух» деп аталатын ғылыми зерттеулерге арналған кітабының тұсауы кесілді.

«Қытай жағы Қазақстанда жарық көрген Қазақстан тарихының 5 томдығын аударуға қолға алды. Ол енді біраз уақыт талап етеді, дегенмен ол ел кездейсоқ ештеңені қолға алмайды. Процесс жүріп жатыр. Жабық тақырып емес, олар да аударады, біз де аударамыз», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.