Жаңалықтар

Қарағандыда 11 жастағы оқушы үшінші қабаттан құлап кетті

unsplash.com

Қарағандыда 11 жастағы бала терезеден құлап кетті.

Қарағандыда 11 жастағы бала тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті,  деп хабарлады turkystan.kz.

 ЕKaraganda.kz сайтының мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған.

«Сағат 12:16-да 2012 жылы туған баланың пәтер терезесінен құлап кеткені туралы хабар түсті. Бала үйде әжесімен болған, ата-анасы жұмысқа кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.