Жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам дәрігерге пышақ ала жүгірген

Freepik

Ер адам жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.

Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.  

«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.  

Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.