Диқандар астық өнімінің 86 пайыздан астамын жинады

12 қазан, 2023 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Орташа өнімділігі 13,6 млн тонна астық бастырылды.

Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақыл жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-ын құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындыққа тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.

Президенттің ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:

Сонымен қатар шаруалар "Азық-түлік корпорациясы" астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4-класты бидай үшін 105 мың теңге, 5-класты бидай үшін 90 мың теңге, класқа жатпайтын бидай үшін 70 мың теңге.

Сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылады.

Тэгтер:

Астық Диқандар