Жаңалықтар

«Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының директоры қызметінен кетті

Ол қызметінен өзі берген өтінішіне байланысты босатылған.

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының директоры Еркебұлан Оспанов қызметінен кетті,  деп хабарлады Turkystan.kz.

Ол қызметінен өзі берген өтінішіне байланысты босатылған.

Еркебұлан Оспанов «Бүркітке» 2007 жылы Азаматтық авиация академиясын бітіре сала келген. Еңбек жолын авиациялық және радиоэлектронды құрылғылар бойынша инженер болып бастады. Бөлім басшысы, әуе компаниясының инженерлік-авиациялық қызмет цехының басшысы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың шілдесінен бүгінге дейін «Бүркіт» әуе компаниясының директоры болды.