Қоғам

Қарағанды облысындағы бір ауыл карантинге жабылды

Фото: видеодан кадр/Qazaqstan телеарнасы

Мамандардың айтуынша, вируспен тек тауық пен үндіктер ауырады.

Қарағанды облысының Ахмет ауылы карантинге жабылды, деп хабарлады turkystan.kz. Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, елді мекенде 223 қанатты жаппай қырылған. Сараптама олардың «Ньюкасла» деп аталатын вирустан өлгенін көрсетті.

Індет қыркүйекте келген.

Мамандардың айтуынша, вируспен тек тауық пен үндіктер ауырады. Аурудың адамға еш зияны жоқ.