Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан»

Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді.

Мемлекет басшысы «Отандастар» форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлады Turkystan.kz. Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды «Отандастар» форумының ашылуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға әлемнің әр түкпірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.