Жаңалықтар

Оралда үш жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп қалды

Қазір үш жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Оралдағы «Балбөбек» балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan.tv мәліметінше, қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы,» жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.