Жаңалықтар

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

Видеодан алынған кадр

Есік қаласының әкімі жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерімен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді», – делінген хабарламада.  

Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.