Жаңалықтар

800-ден астам мектепте асхана мүлдем жоқ – депутат

303 мектепке буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова мектептердегі  асханалардың өзекті мәселесін көтерді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Депутат Президенттің пәрменімен биылғы оқу жылында барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылғанын және бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Депутат бүлдіршіндерге берілетін тағам сапасына кім жауап беретінін сұрады.

Депутатқа министр: «Бұған дейін былтыр 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануы тек қана 8 өңірде 600 мың оқушыны қамтыса, биыл 1 млн 600 мың оқушыны қамтып отыр. Асханадағы тамақтың сапасын арттыруға қатысты бұған дейін де тиісті бұйрықтар қабылданған. Биыл сол бұйрықтарға министрліктің №598 бұйрығы және Денсаулық сақтау министрлігінің №503 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні сол бұйрықтарда көрсетілген талаптардың қатаң орындалуы бағытында мониторинг тобы құрылып, бүкіл аймақтарда тексеру жұмыстары жүргізіліп отыр. Оның нәтижесі жоғарыда талқыланып, тиісті шаралар қабылданады», – деп жауап берді.

Министрдің мәлімдеуінше, өңірлердегі асханасы жоқ мектептердегі мәселе шешіледі.