Жаңалықтар

Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды - Президент

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға құттықтау жолдады. Президент құттықтауын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Президент қазір геосаяси ахуал ушығып, түрлі сын-қатерлер күшейіп тұрғанына назар аудартты.