Жаңалықтар

Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды

ашық дереккөзі

Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін қамауға алынды. Үкімді Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда шығарды", - деді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова. Осыған дейін, "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған. Қанат Сұлтанбеков бұрындары Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, "Алматықалақұрылысында" инженер, бас инженер болып жұмыс істеген, сонымен қатар "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Білімі бойынша – құрылысшы инженер. "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы 2003 жылы құрылған. Қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері болып"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ табылады. 2010 жылғы сәуірден бастап компания ҚР қорғаныс министрлігінің басшылығында.