Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

ТЖД

Президенттің тапсырмасымен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары жіберілді.

Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген рейс жөнелтілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.