Жаңалықтар

Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға келді

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Алматының халықаралық әуежайына Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды.

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілді. Turkystan.kz бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлады.

Алматының халықаралық әуежайына Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды.

Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды. Оның 124-і – ҚР азаматы, қалғаны — шетелдіктер.

Сондай-ақ елге оралғандардың 14-і – «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат. Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шыққанын мәлімдеген болатын.