Павлодарда самокат теуіп келе жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті

10 қазан, 2023 / Меруерт Сағымхан
pixabay.com
Көлік пен самокат айып тұрағына қойылды.

10 қазан күні Павлодарда Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі электросамокат тепкен 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік салдарынан зардап шеккен жасөспірімге медициналық көмек қажет болды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Көлік пен электросамокат айып тұрағына қойылды.

Тэгтер:

Павлодар көлік Жасөспірім Самокат