Жаңалықтар

Елімізде 2,5 мыңға жуық ағза трансплантацияланды

Елімізде ең көп операция бүйректі трансплантаттау бойынша жасалды.

Қазақстанда соңғы 10 жылда 2475 ағзаны трансплантаттау жасалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Биыл Қазақстанда алғаш рет еуропалық ағзалар доноры күніне орайластырылған Донор күні аталып өтіледі.

Еуропалық ағзалар донорлығы және трансплантаттау күні 1996 жылдан бастап қоғамның медицинаның осы маңызды саласына деген сенімін нығайту мақсатында өткізіліп келеді.

Мәселен, 2023 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының күту парағында бүйрекке, бауырға, өкпеге, жүрекке және «жүрек-өкпе» кешеніне мұқтаж 3953 пациент бар.

2022 жылы 16 адамның өмірін сақтап қалған 4 қайтыс болғаннан кейінгі донор ғана болды, 2023 жылы донорлар саны 12 пациенттің өмірін сақтап қалған 5 адамға дейін өсті.

Қазақстанда трансплантаттау бойынша алғашқы операция 2012 жылғы 8 тамызда «ҰҒХО» КеАҚ-да жүргізілді, сол кезде донорлық жүрек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациентке қондырылды.