Жаңалықтар

Алматыдағы түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды

Соттың үкімімен 19 жастағы Т.есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Алматыдағы түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске сала кетсек, полицияның арнайы жасағы мен ЕҚҚІҚБ жедел қызметкерлері сәуір айында Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы іс-шара жүргізген. 
 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы Т.есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.