Жаңалықтар

Еуропадағы ең биік тау 2 метрге аласарды

ашық дереккөз

Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір оның биіктігі – 4 805,59 метр, 2021 жылмен салыстырғанда 2,22 метрге аласа.

Монблан тауының биіктігі 2,22 метрге аласарды, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Монблан – Еуропадағы ең биік тау. Таудың екі метрге аласарғанын Савойя Француз департаментінің маркшейдерлері мәлімдеген.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір оның биіктігі – 4 805,59 метр, 2021 жылмен салыстырғанда 2,22 метрге аласа. 

Бұл жаздағы жауын-шашын түсімінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін және бұрын да байқалған. Екі жылдан кейін Монблан қайтадан биіктеуі мүмкін, деді Жоғарғы Савой геодезиялық қызметінің басшысы Жан де Гаре баспасөз мәслихатында.

Euronews мәліметінше, қардың түсуіне және еруіне байланысты биіктіктің өзгеруі – қалыпты жағдай, сондықтан болашақта шөккен тау қалпына келіп, тіпті одан да биіктеуі мүмкін.