Жаңалықтар

Баланың есірткі тасымалдап, ақша тауып жүргенін қалай білуге болады?

ІІМ

ІІМ негізгі белгілерді атады.

ІІМ баланың «есірткі жасырушы» болып жұмыс істеп жүргенін көрсететін негізгі белгілерді атады, деп хабарлады turkystan.kz.

– баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың заттардың суреттері пайда болса;

– жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;

– араласатын ортасы өзгерсе;

– сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;

– күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;

– жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.

Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.