Жаңалықтар

Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесменнің есімі жарияланды

aikyn.kz

Forbes.kz Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесменнің биылғы рейтингін жариялады.

Бұл жолы ең ықпалды кәсіпкерлер тізімін Kaspi.kz негізін қалаушы және үш ең ірі акционердің бірі 54 жастағы Вячеслав Ким бастап тұр. 13 жыл бұрын ол 15-орында болған.

Биылғы рейтингке  қоғамдық және демеушілік қызметі ескеріле отырып, еліміздегі ең танымал әрі белсенді 80-нен астам бизнесмен енгізілген. Зерттеу тобы олардың ішінен капиталы, жұмысшылар саны, өткен жылғы салық аударымдары бойынша жиынтық балл негізінде ең жоғары нәтижесі бар 62 қатысушыны іріктеп алған. Ал бұл тізім бизнес қауымдастық басшыларынан, саясат және қоғам қайраткерлерінен, іскерлік БАҚ сарапшылары мен тілшілерінен жасақталған эксперттер тарапынан 5 балдық шкала арқылы бағаланған. Аталған бағалауларға сәйкес, еліміздегі ең беделді 50 бизнесменнің қатарында биыл алғаш рет тізімге енген 6 кәсіпкер бар. Олар: Қанат Көпбаев, Эльдар Сәрсенов, Айдарбек Ходжаназаров, Раушан Сағдиева, Рүстем Қарағойшин және Алмас Чукин.

№1 Вячеслав Ким

Биылғы рейтингте көш бастаған Вячеслав Кимнің байлығы 3,6 млрд долларға бағаланады. Ол Kaspi.kz акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 23,40 пайыз акциясына иелік етеді. «Алсеко» АҚ-тың мажоритарлық акционері, сол арқылы «Астана-ЕРЦ» ЖШС-не  бақылау жасайды. Мұнан бөлек, ELTOP Soft және «Позитив Инвест» серіктестіктерінде үлесі бар.

№2 Болат Өтемұратов

2,7 млрд доллар байлығы бар Болат Өтемұратовқа «ForteBank» АҚ-ның 81,82 пайызы тиесілі. «КаР-Тел», «Sky Mobile», алтын өндіретін RG Gold компанияларында үлеске ие. Астанадағы, Вена мен Мәскеудегі Ritz-Carlton және Ақмола облысындағы Rixos Borovoe қонақүйлерінің иесі. Informburo.kz, «31 канал» телеарнасында, Нархоз университетінде және Астана мен Алматы қалаларындағы Haileybury мектептерінде үлесі бар.

№3 Тимур Құлыбаев

Байлығы 4,3 млрд доллар Тимур Құлыбаевтың ең ірі активі – «АЛМЭКС-холдинг тобы» АҚ. Ол дәл осы компания арқылы жұбайы Динарамен бірге «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның 69,52 пайызын басқарып отыр. Сонымен қатар оның иелігінде  Altyn Bank АҚ-ның 40 пайыз акциясы бар. Топ өз қызметін Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және Грузияда жүргізеді. Жалпы, Тимур Құлыбаевтың иелігінде мұнан өзге де бірнеше актив бар.

№4 Владимир Ким

KAZ Minerals Ltd акционері әрі президенті Владимир Кимнің компаниялар тобына Павлодар облысындағы Бозшакөл, Абай облысындағы Ақтоғай кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы алтын-мыс кеніші кіреді. «Қазақмыс» корпорациясы мен Bank RBK АҚ-та мажоритарлық үлесі бар оның байлығы 4,6 млрд долларға бағаналады.

№5 Тимур Турлов

Ол Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы әрі мажориталық акционері. Байлығы – 3,1 млрд доллар.

№6 Александр Машкевич

Ол Патох Шодиев, Ибрагимовтер отбасы және Қазақстан Үкіметімен бірге иелік ететін Eurasian Resources Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Компаниялар тобына «Қазхром» компаниясы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, Қазақстан электролиз зауыты және басқа да активтер кіреді. Байлығы – 3,7 млрд доллар.

№7 Нұрлан Смағұлов

810 млн доллар байлығы бар Нұрлан Смағұлов «Астана групп» холдингінің негізін қалаған және оның төрағасы. Холдинг құрамына «Астана моторс» компаниясы, Алматы мен Астанадағы MEGA сауда орталықтары және МyCar жобасы кіреді.

№8 Айдын Рахымбаев

Сегізінші орында тұрған BI Group холдингінің акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың байлығы 620 млн долларға бағаланады.

№9 Александр Белович

Ол – Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Бүгінде корпорацияға ұлымен бірге иелік етіп отыр. Отбасылық байлығы – 790 млн доллар.

№10 Эуард Огай

Байлығы – 750 млн доллар. Kazakhmys Copper АҚ-ның 30 пайызына иелік етеді. Мұнан бөлек, 2 ұлымен бірге «Қаражыра» АҚ-ның 70 пайызына бақылау жасап отыр.

№11 Шухрат Ибрагимов

ERG тобында Ибрагимовтер отбасы атынан өкілдік етеді және топтың директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Сонымен қатар «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Eurasian Resources Group бақылау кеңесінің мүшесі. Отбасылық байлығы - 1 млрд 320 млн доллар.

№12 Олег Новачук

Байлығы – 615 млн доллар. Ол Nova Resources B.V. В арқылы KAZ Minerals Ltd компаниясының 36,5 пайызын бақылауында ұстап отыр.

№13 Райымбек Баталов

Құрамына Raimbek Agro, «Райымбек групп плюс», City Fair Trade ltd, Raimbek Bottlers Group компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі уақытта «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына басшылық жасайды.

№14 Ғалымжан Есенов

Ол  First Heartland Securities АҚ-ның 99,74 пайызына иелік етеді. Биыл First Heartland Jusan Bank  АҚ-тың 78,73 пайызын иелігіне алды. Оның иелігінде мұнан өзге де бірнеше компания бар. Байлығы – 435 млн доллар.

№15 Еркін Тәтішев

Еркін Тәтішев - 2002 жылы құрылған және Канада, Қытай, Израиль, Вьетнам Украина, Грузия, Сингапур, Түркия және Қазақстанда жұмыс істейтін Kusto Group компаниясы иелерінің бірі және Директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы – 338 млн доллар.

№16  Дінмұхамет Ыдырысов

Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейтін «Қазақстанның коммуналдық жүйесі» ЖШС-не, Ordabasy Group компаниясына иелік етеді. Өзге де компанияларда үлесі бар. Байлығы – 490 млн доллар.

№17 Бақытбек Байсейітов

«ЦентрКредит банкі» АҚ-ның 48,47 пайызын иеленеді. Өзге де автиктерде үлесі бар. Байлығы – 392 млн доллар.

№18 Данияр Әбілғазин

Данияр Әбілғазиннің отбасы Sinooil, PetroRetail,  Mercury Service Company серіктестіктеріндегі үлеске ие. Байлығы – 290 млн доллар.

№19 Айдан Кәрібжанов

Visor Kazakhstan ЖШС-нің  мажоритарлық иесі. Сонымен қатар Aua Energy, Greencity KZ, Northern Wind Kazakhstan, Aspan Energo және жел электр стансаларынан электр энергиясын өндірумен айналысатын Sarma Energy компанияларында үлесі бар. Байлығы – 226 млн доллар.

№20 Кеңес Рақышев

Ол  Fincraft Group ЖШС-нің  иесі. Аталған компания арқылы құрамына SAT Nickel және SAT Petrochemicals компаниялары кіретін Fincraft Resources АҚ-ның 78,39 пайызына иелік етіп отыр. Өзге де компанияларда үлесі бар. Байлығы – 570 млн доллар.

№21 Александр Клебанов

Бизнесменге құрамына «Павлодарэнерго» АҚ, «Севказэнерго» АҚ, «Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ кіретін «ЦАЭК» АҚ-тың 47,10 пайызы тиесілі. Байлығы – 398 млн доллар.

№22 Алмас Сұлтанғазин

Sulpak пен Alser сауда желілерінің мажоритарлық үлесіне иелік ететін бизнесменнің байлығы 182 млн долларды құрайды. Оның өзге де компанияларды үлесі бар.

№23 Серікжан Сейітжанов

Бизнесменнің отбасына «Оңтүстік» қаржы сауда-өнеркәсіп корпорациясы тиесілі. Олар осы корпорация арқылы көптеген компанияға иелік етеді. Сонымен қатар, Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan қонақүйлері, Satti Zhol жанар-жағармай құю стансалары желісі, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Инновациялық-техникалық коллежді де осы отбасының иелігінде. Байлығы – 360 млн доллар.

№24 Арманжан Байтасов

Арманжан Байтасовтың құрамына MuzzOne телеарнасы, «Бизнес-FM» радиостансасы, Businessfm.kz сайты, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдары кіретін Tan Media Group пен United Media Group компанияларында үлесі бар. Байлығы – 89 млн доллар.

№25 Берік Қаниев

Бизнесмен құрамына мұнайсервис, құрылыс, тау-кен, фармацевтика салаларында компаниялар кіретін Lancaster Group акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.

№26 Андрей Лаврентьев

Ол құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС мен «Сарыарқаавтоөнеркәсіп» ЖШС кіретін «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ-ның акционері және директор кеңесінің төрағасы.

№27 Эдуард Ким

Қазақстан мен Қырғызстанда Technodom желілері бар Technodom Оperator АҚ негізін қалаушы әрі иесі. Өзге де компанияларда үлесі бар. Байлығы – 279 млн доллар.

№28 Қанат Көпбаев

Kusto Group PTE Ltd басқарушы директоры. Қазақстанда топтың иелігінде мынадай компаниялар бар:  Kazpetrol Group ЖШС, Compass жанар-жағармай құю стансалар желісі,  Kusto Home  ЖШС,  Semey Tannery  ЖШС,  KazCenosphere’s  ЖШС. Байлығы – 169 млн доллар.

№29 Сайдулла Қожабаев

Ол Alageum Group компаниясының мажоритарлық иесі. Компания құрамына Кентау, Орал, Ақтау, Алматы, Шымкент қалаларындағы трансформатор зауыттары кіреді. Байлығы – 170 млн доллар.

№30 Елдар Әбдіразақов

Бизнесмен құрамына «Коммеск-Өмiр», «Сентрас Коммеск Life», «Сентрас Иншуранс», «Сентрас Секьюритиз», «Сентрас Капитал», «Сентрас» венчурлық қоры» компаниялары кіретін Centras Group холдингіне иелік етеді.

№31 Қайрат Итемгенов

Оған KBI Energy»,  Satti Logistics серіктестіктері Greenhouse-Qaztomat жылыжай кешені, Мәскеудегі Mövenpick және Pana қонақүйлері, Алматыдағы Novotel Living, Ibis Style қонақүйлер желісі тиесілі. Байлығы – 323 млн доллар.

№32 Эльдар Сәрсенов

Ол 2021 жылы JP Finance Group» ЖШС-нің жалғыз иесі болды. Аталған компания арқылы бизнесен «Нұрбанк» АҚ-тың 87,87 пайызын иелік етіп отыр. Отбасылық байлығы – 950 млн доллар.

№33 Марғұлан Сейсембаев

Asadel Partners PEF Pte Ltd басқарушы серіктесі. Сол арқылы «Алель Агро», Tamos Education  секілді компаниялардың үлесіне иелік етеді.

№34 Қайрат Мажибаев

Бизнесменге Ресей мен Қырғызстанда еншілес компаниялары бар  RG Brands  АҚ-ның 98,05 пайызы тиесілі. Байлығы – 185 млн доллар.

№35 Бахаридин Аблазимов

Ол «ҚазАзот» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар компанияда үлесі бар. Байлығы – 238 млн доллар.

№36 Серік Толықпаев

Серік Толықпаев құрамына құс етін өндіру және қайта өңдеу, сату саласында 15-тен астам кәсіпорын кіретін Aitas KZ компаниялар тобының мажоритарлық акционері. Байлығы – 202 млн доллар.

№37 Фаррух Махмудов

Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы әрі Директорлар кеңесінің төрағасы. Топтың еліміздің 12 қаласында 46 автоорталығы бар. Байлығы – 385 млн доллар.

№38 Ерлік Балфанбаев

Ол Alina компаниялар тобының негізін қалаған. AlinEX, Alina Paint, «Наши», Norma, Decorex, G-EX секілді брендтер кіреді. Байлығы – 165 млн доллар.

№39 Иван Сауэр

Иван Сауэр «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің иесі әрі бас директоры. Сонымен қатар ол «Астана-Нан», «Тастақ», «АФ-Отан» ЖШС-не иелік етеді.

№40 Айдарбек Ходжаназаров

Ол  - Alto Logistics  ЖШС иелерінің бірі. Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының төрағасы.

№41 Бауыржан Оспанов

Бизнесмен  TSC Service  және  Koksu Hydro  ЖШС-не иелік етеді.

№42 Ораз Жандосов

«Ракурс Консалтинг Груп» және  Eneverse KunKuat  компаниялары иелерінің бірі. Сонымен қатар  ол бірқатар компанияның директорлар кеңесінің мүшесі.

№43 Александр Дериглазов

Ол «Меломан/ Marwin» сауда желісінің, «Комфорт» үйге арналған тауарлар гипермаркет желісінің және «Бірінші қазақстандық музыкалық баспа» ЖШС-нің иесі. Байлығы – 87 млн доллар.

№44 Владимир Денисов

Scat әуекомпаниясы  АҚ президенті және мажоритарлық акционері. Ол осы компания арқылы Тараздағы Әулие ата халықаралық әуежайына және өңірлік әуе рейстерімен айналысатын «Оңтүстік аспан» АҚ-ға бақылау жасайды. Сонымен қатар  компания Мысырдың Red Sea Airlines әуекомпаниясының 40 пайыз акциясына иелік етеді.

№45 Рустам Қарағойшин

Ол «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС-нің басшысы,  Ushtobe Et  ЖШС-нің иесі. Сонымен қатар  QZQ Development,  KTK Group  ЖШС және Kazakh Agro Production жеке компаниясы иелерінің бірі.

№46 Марат Сәрсенов

Вагон паркі 10 мың вагон, темір жол тасымалымен айналысатын «Исткомтранс» ЖШС-нің мажоритарлық үлесіне иелік етеді. Байлығы – 105 млн доллар.

№47 Раушан Сағдиева

Ол  Vector Enterprise және  FCI Management LLP  ЖШС-не  иелік етеді.

№48 Марат Баққұлов

Бизнесмен Қазақстан мен Татарстанда өндірістік желдеткіштер шығаратын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-не иелік етеді.

№49 Алмас Құдайберген

Centrasia Group компаниясының негізін қалаушы әрі басқарма төрағасы. Топ құрамына Қазақстан, Ресей, Түркия және Грузиядағы ірі мұнай жобаларда жұмыс істейтін компания кіреді.

№50 Алмас Чукин

Visor инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі. Сонымен қатар «3 Элемент» ЖШС-не иелік етеді.