Жаңалықтар

"Барлығын кешірер едім, мұнысын кешірмеймін": Павлодарда мас полицей қағып кеткен тамақ жеткізуші мәлімдеме жасады

astanatv.kz

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

Павлодарда тамақ жеткізушіні қағып кеткен мас полицей жұмысынан босатылды. Қазір ол – үйқамақта. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті ақпарат берді, деп хабарлады turkystan.kz ASTANA телеарнасына сілтеме жасап.

Владимир Щербаков өзінің соңғы тапсырысын жеткізіп, үйіне қайтпақ болған. Ол скутермен сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан, сол кезде әлдебір көлік бұрыштан шыға келген. Апаттан соң көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болыпты, ал зардап шегушіге өтіп бара жатқан адамдар көмектесіп, жедел жәрдем шақырған.

Мен өз жолағыммен жүріп бара жаттым, ережеге сай киінгенмін, яғни кеудеше, рюкзак – бәрі қараңғыда жарқырайды. Мені қағып кеткеннен кейін ол қашып кетуге тырысты. Мен оның қазір үйқамақта екенін білемін. Әділеттілік орнағанын қалаймын. Себебі менің жағдайым нашар екенін көре тұра, тастап, қашып кетті, бұл мен үшін өте ауыр болды. Мен бәрін кешірер едім, бірақ мұнысын кешірмеймін, – дейді Владимир Щербаков.

Оқиға қыркүйектің аяғында болған. Бірақ бұл туралы өткен демалыс күні ғана белгілі болды. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. Ол басынан жарақат алған, сынықтары бар, үш операция жасалыпты.