Түркістан облысында 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып, зорлаған
Қыз қатты қорыққандықтан, оқиға жайлы ешкімге айтпаған.
Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып зорлап жүрген. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.
Оның жазуынша, зорлық көрсету 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған.
«Қыз қатты қорыққандықтан, оқиға жайлы ешкімге айтпаған. Бозбала тіпті «егер біреуге айтатын болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін деп қорқытқан. Осылайша 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде, ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі сағызша созылып, тергеу жалғасып келе жатыр», - деді заңгер.