Жаһан

Бүгін Изральден Қазақстанның 118 азаматы эвакуацияланады

Тель-Авивке жіберілген арнайы ұшақ Алматыға түнгі 23.45-те қонуы тиіс.

Алматы-Тель-Авив рейсі әуеге Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де көтерілді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Арнайы ұшақтағы экипаж мүшелерінің басты мақсаты - Қазақстанның 118 азаматын елге аман-есен жеткізу.

Бұған дейін Қазақстанның Израильдегі елшілігінде консулдық есепке елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелгені, Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның 5 студенті білім алып, 30-ға жуық қазақстандықтың жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатқаны жарияланған болатын.