Алматы облысында жалған доллар жасағандар ұсталды
Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіні анықталды.
Алматы облысында жалған доллар жасағандар ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.
Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіні анықталды. Кезекті жалған ақша өткізу кезінде күдікті тұлғалар ұсталып, 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленген.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді, - деп мәлімдеді агенттік.