Жаһан

Илон Маск ғарышқа Маск Starlink V3 спутнигін ұшырады

twitter.com/SpaceX

Жоба 2024 жылы жүзеге асырылады.

Халықаралық астронавтика конгресінде Илон Маск ғарышқа Маск Starlink V3 спутнигін жөнелту жұмысы қарқынды жүріп жатқанын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz. 3dnews.ru сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, біз Starlink V3 спутниктерін келесі жылы ұшырамыз», – деді И.Маск.

Ол бұл мәлімдемесін Starlink құрылғыларының жаңа Starship зымыранымен орбитаға қашан ұшырылатыны туралы сұраққа жауап ретінде айтты.

Естеріңізге салайық, И.Маск сәуір айында SpaceX зымыранын сынақтан өткізді. Ол діттеген жеріне жетпей, жарылып қалды.  

«Ең қиын және ұзақ уақытты алатын жұмыс қауіпсіз ұшу мен қонуды қамтамасыз ету», –  деді И.Маск.