Қазақстандв 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған – бас санитарлық дәрігер
25 пайызынан омирконның «Eris» штаммы анықталған.
Елімізде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызынан омирконның «Eris» штаммы анықталған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Қазір COVID-19 диагнозымен ауруханаларда 23 науқас емделіп жатқанын айтты. Жағдайлар жақсы, сырқатты жеңіл түрде өткізіп жатыр. Өлім-жітім дерегі тіркелмеген деп қосты.
Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да жоқ екен. Бас санитар, сонымен бірге, елде шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.