Қоғам

«Аяз, қар»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Фото: tolqyn.kz

Республиканың басты аумағында ауа температурасы түнде 5 градус аяз болып, 7 градусқа дейін жылиды.

Қазгидромет 10-12 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жаңбыр соңы қарға ұласады. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде де жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болы мүмкін.

Республиканың басты аумағында ауа температурасы түнде 5 градус аяз болып, 7 градусқа дейін жылиды. Күндіз 5-18 градусқа дейін жылы болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде ауа температурасы -5+5 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болады.