Спорт

Әмір Омарханов Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жарыста жеңіске жетті

Әмір Омарханов (200 ITF Juniors) тамаша өнер көрсетті.

Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

 Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors) тамаша өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимнен басым түсті, есеп – 6:7, 7:6, 6:3.

Отандасымыз ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды, есеп  – 6:3, 6:3.

Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата жеңді – 6:1, 6:0.

Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті – 6:2, 6:2.

Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық Михаил Мищенко ресейлік Яков Грызновпен бірге соңғы сында ресейліктер Тимур Гордеев - Алексей Ильиннен басым болды, есеп - 6:7, 6:2, 10:8.