ҚМА төрағасы жыл басынан бері қайтарылған активтің жалпы сомасы қанша екенін айтты
Төраға 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Төраға 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
Жанат Элиманов жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын актив қайтарылғаны, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.