Жаңалықтар

Автобус және такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн өте алады

Жүргізушілер рейс алдында және одан кейін медициналық куәландырудан онлайн режимде өте алады.

16 қазаннан бастап еліміздегі қоғамдық көлік жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына тиісті толықтырулар енгізіліп, жүргізушілер рейс алдында және одан кейін медициналық куәландырудан онлайн режимде өте алады.

Осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктер мен автобус парктеріне:

- тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;

- жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;

- жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;

- уақытты үнемдеуге;

- жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.