Қарттар үйінде хлордан уланған үш зейнеткер қайтыс болды

9 қазан, 2023 / Дана Ізтілеуова
susanin.news
75, 82 және 95 жастағы 4 зейнеткер таңғы алтыда ауыр халде ауруханаға жеткізілген

Удмуртиядағы қарттар үйінде 4 зейнеткер хлордан уланып қалған, деп хабарлады turkystan.kz Shot телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ижевсктегі пансионатта тұратын 75, 82 және 95 жастағы 3 зейнеткер таңғы алтыда ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғандай, 82 жастағы зейнеткер үй тазалауға қажет, құрамында хлоры бар таблетканы суға араластырған. Одан уланған үш зейнеткер қайтыс болды. Біреуі ауыр халде жатыр.

Тэгтер:

хлордан улану зейнеткер қайтыс болды қарттар үйі