Жаңалықтар

Блогер Sabirkin үшінші сәбиін дүниеге әкелді (ФОТО)

almaty.tv

Желі қолданушылары блогер Sabirkin-ді ана атануымен жарыса құттықтады.

Sabirkin лақап атымен танымал отандық блогер үшінші мәрте ана атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жаңалықпен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Қош келдің, Алмасұлы» деп жазды блогер.

Желі қолданушылары Сабира Жарасқызын ана атануымен жарыса құттықтады.

«Бауы берік болсын, Алла тағалам ғұмырына, ата-анасына береке берсін», «Аман болыңдар», «Құттықтаймыз» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.