Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жібереді

ҚР ТЖМ

Жүктер Ауғанстанға жақын арада әуе және темір жол көлігімен жөнелтілетін болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. 

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және темір жол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.