2017 жылы жаңа Кедендік кодекс әзірленеді
2017 жылы жаңа Кедендік кодекс әзірленеді
Биыл жаңа Кедендік кодекс әзірленетін болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлейменов министрліктің алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.
«Ұлттық кедендік заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік заңнамасына сәйкестендіру мақсатында жаңа Ұлттық Кедендік кодекс әзірленеді. Біз ЕуразАЕҚ кедендік кодексінің нормаларын қолданып, қосымша нормаларды енгіземіз», — деді Тимур Сүлейменов.
Министр өткен жылдың 26 желтоқсанында Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік кодекс туралы келісім шартынан шыққандығын айтты.
«Жұмыс үш жыл бойы белсенді бизнес-қауымдастықты тарту бойынша жүргізілді. Кедендік кодекс қажетті жаңашылдықтарды енгізеді. Ол транзиттік әлеуетті жеңілдетіп, елдің сауда байланысын дамытады», — деді ведомство басшысы.