Жаңалықтар

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: комиссия тексерістің қорытындысын жариялады

Комиссия мүшесі тексерістің нәтижесі туралы айтып берді.

Қарағанды облысындағы атышулы балалар орталығында тексеріс аяқталды. Ол жерде шілде айында 14 бала уланды, екеуі қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz «Патриот» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Мамандар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына балалардың тұрмыс жағдайын - төсек-орын, жеке заттары, демалыс пен медициналық қызметтің сапасы, өрт қауіпсіздігі мен тамақ дайындау бөлмелерін жан-жақты тексеріп шықты.

Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, кейбір жерлерде электр сымдары ашық жатқан.

Орталық қызметкерлері төсек-орын жабдығын да дұрыс таратпаған. Ережеге сәйкес, барлық балаға бірдей киім-кешек пен төсек-орын берілуі шарт.

Балалар орталығында қызметкерлер де жиі ауысып тұрады. Бір адам көп істемейді. Санитарлар шамамен 100 мың теңге алады. Біреуі 6-8 балаға жауапты.

Бүгінде жалақының төмен болуына байланысты көбісі ұзақ жұмыс істемей кетеді.

Комиссияның тексерісі аяқталса да, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ. Соның нәтижесі балалардың неден уланғанын көрсетуі керек.

Еске салсақ, тамыз айының басында Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға түсті. Барлығы 14 бала зардап шеккен, екеуі қайтыс болды.