Жаңалықтар

Тимур Балымбетов: Төреғали Төреәліден сұхбат алмас едім

Тимур Балымбетов өз арнасынан көрерменге өсуге мүмкіндік беретін кейіпкерлерді көргісі келетінін айтады.

Тележүргізуші, блогер, интервьюер Тимур Балымбетов Динара Сәтжанның YouTube-тағы бағдарламасына берген сұхбатында әнші Төреғали Төреәліден сұхбат алмайтынын айтты.

«Мен жанжал шығарған немесе үнемі жанжал шығаратын адамды кадрда көргім келмейді. Мен көрерменнің кейіпкерімнің аты шығып тұрғанға немесе оны Google аналитикада көп іздейтінге бола менің арнама өткенін қаламаймын», – дейді интервьюер.

Динара Сәтжанның «Төреғали Төреәліден сұхбат алмайсың ғой?» деген сұрағына ол, «Жоқ» деп жауап берді.

«Мен көрерменге өсуге мүмкіндік беретін контент ұсынғым келеді. Менің мақсатым анық. Менде Кенжебек Нұрдолдай деген зағип әнші қонақта болды. Бірақ ол өмірге деген көзқарасы, қарым-қатынасы арқылы көп нәрсеге үйретті. Өз әндері арқылы көрерменге көп ой салды. Сұхбат алатын мен ғой. Қонақ маған да қызық болуға тиіс қой. Мен дайындалуым керек. Мен ол кісімен әңгімелесуге ынтам болу керек. Тіпті серіктестік негізде жасалуға тиіс сұхбат маған қызық болмаса, мен қомақты ақша ұсынса да келіспеймін. Мұндай өте жиі болады. Жарым Лаура «Сен бас тартпағанда қазір таулы жерде тұратын едік» деп айтады», – дейді ол.