Жаңалықтар

Түркістан облыстық Білім басқармасы 22,6 млрд теңге қаражатты негізсіз жұмсауға тырысқан

Сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды

Талдау қорытындысы бойынша, еңбекақы төлеу қорына қатысты ақша жымқыру схемасы анықталған.

Түркістан облысының Білім басқармасы еңбекақы шығынын 22,6 млрд теңгеге артық көрсетіп, артылған ақшаны негізсіз жұмсауға тырысқан. Бұл туралы ОКҚ брифингінде облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы айтты, деп хабарлады turkystan.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                    

"Департамент білім беруді қаржыландырудағы сыбайлас жемқорлық сын-қатеріне сыртқы талдау жүргізді, соның нәтижесінде еңбекақы төлеу қоры бойынша негізсіз жоспарланған 22,6 млрд теңгеге қысқартылды", - деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті.                                            

Үнемделген қаражат балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, 1 - 4-сынып оқушыларын тамақтандыруға, жылыту жүйесін газға ауыстыруға, білім беру мекемелерін жөндеуге, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға мектеп парталарын, тақталар мен жиһаз сатып алуға жұмсалмақ.                                          

Талдау қорытындысы бойынша, еңбекақы төлеу қорына қатысты ақша жымқыру схемасы анықталған.