Семейде кәмелетке толмаған жасөспірім 7,5 жылға сотталды
Семейде құрдасын өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты.
Жантүршігерлік оқиға 6 маусымда «Мұрат» саяжайында болған.
Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған екі бала болмашы мәселеге жанжалдасып, оның бірі қарсыласының мойнына пышақ сұғып жіберген.
Жарақат алған жасөспірім сол күні медициналық мекемеде көз жұмды.
18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған жас бала адам өлтіргені үшін ҚК 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын кәмелетке толмағандарды ұстайтын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.