Қоғам

Павлодарда тойда төбелес шығарғандар ұсталды

Pavlodar.news

Олар полицейлерге қарсылық көрсетпеген.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 қазанда түнгі сағат 22:39-да кафенің бірінде төбелес шықты деген хабар келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шақырту бойынша автопатруль жіберілген болатын. Төбелес тойда таныстардың арасында шыққаны анықталды. Олар арыз жазудан бас тартты", – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары төбелестің барлық қатысушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.