Спорт

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Азиадада болған келеңсіздіктерге шағымданып, халықаралық спорт трибуналына жүгінетінін мәлімдеді

Спортшылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау – ҰОК жұмысының басты басымдығы.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Қытайда өткен жазғы Азия ойындары жөнінде баспасөз конференциясында айтулы спорт шарасында болған келеңсіздіктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері – боксшылар Асланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимоваға қатысты істер туралы ақпарат берді.

ҚР ҰОК төрешілердің субъективтілігі, бокс стильдерінің қақтығысы туралы әңгімелер, жеке жанашырлық жекпе-жектің соңғы есебіне әсер етпеуі керектігін айтуда. ХОК ұмтылатын басты қағида – таза бокс болуы керек, Қазақстан мұндай тәсілді толығымен қолдайды.

Жекпе-жекті бағалау критерийлері PBU бокс ережелерінде нақты көрсетілген. Егер ережелердің шынымен бұзылуына жол берілсе, апелляциялық алқабилер тиісті шешім қабылдауы керек.

Карина Ибрагимованың соңғы финалдық жекпе-жегінен бір күн бұрын ҚР ҰОК талабымен Азия Олимпиадалық кеңесінің медициналық комиссиясы шұғыл шақырылды. Комиссия нақты дәлелдер алу үшін қажетті іс-шараларды жедел ұйымдастырды. Мұндай процедуралардың нәтижелерін алуға, медициналық ұйымдардың деректерін өңдеуге біршама уақыт кетеді. Комиссия жұмысының нәтижесі дайын болғанда шешім қабылданады, соның негізінде қазақстандық тарап әрі қарай халықаралық спорт трибуналға жүгіну мәселесін шешпек.