Спорт

Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

gov.kz

Қазақстан құрамасы 80 медальмен 11-орынға тұрақтады.

Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Сондай-ақ қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Егер медальді спорттың командалық түрінен алса, онда сыйақы әрбір спортшыға жеке төленеді. 

Айта кетейік, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары біткеннен кейін Қазақстан құрамасы 80 медальмен (10 алтын, 22 күміс және 48 қола) 11-орынға тұрақтады.