Спорт

Қазақстандық каратэші Азиадада финалға шықты

Ашық дереккөз

Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта үш мықты қарсыласын жолдан тайдырды.

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы ирандық спортшы Сара Бахманярды 5:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Мөлдір Азия ойындарының алтыны үшін тайпейлік Гу Шиау-Шуангпен шайқас өткізеді.