Қоғам

Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Онда "жедел желі" нөмірлерінің тізімі жарияланды.

7 қазанда Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстанның Израильдегі елшілігімен осы нөмірлер арқылы байланысуға болады:

+972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (мобильді, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).