Жаңалықтар

Ақмола облысында ауыл тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға алданып қалып, 8,7 млн теңгесінен айырылып қалды

4pda.to

Келтірілген шығын сомасы – 8,7 млн теңге.

Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға алданып қалып, 8,7 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

YouTube платформасындағы криптовалютаны алып сатудан табыс түсетіні туралы жарнаманы көрген ол бірнеше сілтемені басқан. Ақырында алаяқтар оған хабарласып, бұл істен қомақты қаражат табуға болатынын айтып, сендірген. Алғашында ол алаяқтарға көлік сатып алу үшін несиеге алған 2 млн теңгесін аударған. Содан соң әлгі алаяқтар бір ай бойы оған қайта-қайта хабарласып, пайыз көп түсетінін, сол үшін үстіне тағы ақша қосу керек екенін айтқан. Олардың айтқанына сенген ауыл тұрғыны тағы 4 несие рәсімдеп, туыстарынан қарызға алған. Келтірілген шығын сомасы – 8,7 млн теңге. Ақырында алданып қалғанын түсінген ол полицияға шағым түсірген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.