Қоғам

Өгей әкелерді тексеруге ешқандай негіз жоқ – Министрдің орынбасары

Ашық дереккөз

Өгей әкелер жаппай тексерілмейтін болды

Өгей әкелерді тексеруге ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында Ішкі Істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады turkystan.kz informburo бағдарламасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, егер кәмелеттік жасқа толмаған баланың құқығы немесе қандай да бір мүддесі бұзылса ғана тексеру іс-шаралары жүргізіледі.

«Әулетте әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда тексеріс жүргізілуі мүмкін. Қылмыстық жағдайда да сол. Ал баланы өгей әкесі бағып отырғаны үшін ғана оны тексермейміз. Бұл менің ойымша дұрыс емес», - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.