Саясат

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесті

Путин жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту қажет екенін айтты.

Ресей газын еліміздің аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекет басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы ықпалдастықты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қатынастарға негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Өз кезегінде Владимир Путин жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін және Еуразия кеңістігіндегі көпжақты интеграциялық байланыстарды кеңейтуге қосқан жеке үлесін атап өтті.